«БТА Банкі» бидайды қайта өңдейтін және ұн шығаратын компанияларды қаржыландырады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «БТА Банкі» АҚ мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы аясында (АӨК) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржысының есебінен «Алматы ұн комбинаты» мен «Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ-ын қаржыландыратын болды,


«БТА Банкі»  бидайды қайта өңдейтін және ұн шығаратын компанияларды қаржыландырады
деп хабарлайды ҚазАқпарат БТА банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұнымен қатар БТА Банкі өз қаржысының есебінен аталмыш компаниялар үшін жалпы сомасы 466 миллион теңге қосымша қаражат қарастырып отыр. Атап айтқанда, Алматы ұн комбинатына бидай мен арпа сатып алуға 410 миллион теңге, ал Сұлтан компаниясына астық сатып алуға 56 миллион теңге бөлді. Бұл қаржы аталған компанияларға қаржылай ауыртпалықты азайтуға және айналым қаражатының қажетті көлемін ұстауға, нәтижесінде соңғы өнімнің бағасын белгілеуге оң ықпалын тигізбек. Ұн өндірісі мен сату бойынша Алматы нарығындағы «Алматы ұн комбинаты» ЖШС-ның үлесі 40 пайызды құрайды. Компания ірі кондитерлік фабрика мен макарон фабрикасына және нан-тоқаш зауытына ұн жеткізеді. «Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ жұмысының негізгі бағыты Қазақстан нарығының 80 пайызын иемденетін «Сұлтан» маркасындағы оралған макарон өнімдерін шығаруға арналған ұн мен жарма өндіру болып табылады.