БТА банкі Казком алдындағы борышын қалай өтеді - Ұлттық банк

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков БТА банкі Казком алдындағы борышын қалай өтегенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, бұл процес 3 кезеңге бөлінді.

«Біріншіден, проблемалық несиелер қоры ҚР Үкіметі тарапынан капитализацияланды. Өйткені қор қазір Ұлттық банктің еншілес компаниясы емес. Алғашында қарыз көлеміне сәйкес ақша салынды. Осылайша БТА-мен жұмыс жасамай тұрғанда қор екі жолмен, яғни мемлекеттік бюджет пен проблемалық несие қорындағы қаржы есебінен толықтырылды.

Бұдан әрі қарай негіздемелік келісім аясында 2,4 трлн теңгеден артық емес сома Казком алдындағы БТА міндеттерін орындауға белгіленді. Бұған БТА банкінің активтері мен БТА меншікті портфелі кіреді. Сондай-ақ онда инвестиялауды талап ететін проблемалық жер учаскелері бар.

Активтер сатылып алынған соң БТА 2,4 трлн теңге алды. Сол уақытта теңге бағамы мәміле болған кездегідей болған. БТА бірден Казком алдындағы қарызын төледі. Казком міндеттемелерді өтелген деп саналады», - деді төраға орынбасары.

Оның айтуынша, бұл қаржы мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалды.

«Біздің 625 млрд теңге көлеміндегі қарыздарымыз өтелді. Бұл сома мәміле жасалар кезде қордаланып қалған болатын. Мемлекеттің қалған ақшасы сатылып алынған активтерді - жер телімдері, жылжымайтын мүлікті сату арқылы қайтарылады. Казкомда қалған қаржы тәуекелдерді жабуға арналған құрал болып қалмақ. Ақшаның барлығы банкті дамыту үшін салынып жатыр», - деді Олег Смоляков.

Айта кету керек, Ұлттық банк Қазақстандағы банк секторының тұрақтылығын жоғарлату бағытталған бағдарламаны іске қосқаны туралы мәлімдеген болатын.

Ұлттық банктің еншілес компаниялары арқылы  екінші деңгейлі банктерге ақылы түрде белгілі бір мерзімге қаржы (мемлекет қаржысы) беретін болады.

Аталған бағдарламаға қатысу үшін банктің 45 млрд теңге көлемінде меншікті капиталы болуы, акционерлердің ортақ келісімі болуы шарт.

Сондай-ақ Ұлттық банк шетелдік банктердің еншілес банктерінің тұрақтылығын арттырмақ.

Осы бағдарламаның нәтижесінде тұрақтылықты қамтамасыз  ету үшін экономиканы банк секторындағы капиталдандыруды ұлғайту есебінен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жылына 300 млрд теңгеден кем емес сомада несиелендіру көзделген. 

Соңғы жаңалықтар