БТА Банкі сотқа құрметсіздік танытуына байланысты М.Әбләзовты жауапкершілікке тарту туралы Англияның Жоғарғы сотына арыз берді
АЛМАТЫ. 18 мамыр. ҚазАқпарат - «БТА Банкі» АҚ сотқа құрметсіздік танытуына байланысты аталмыш бактің Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбләзовты жауапкершілікке тарту туралы Англияның Жоғарғы сотына арыз берді.
Бұл туралы Банктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Банк М.Әбләзовқа бас бостандығынан айыру үкімі шығарылады деп үміттенуде. Банктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей ол, сот даулары аясында шығарылған сот бұйрықтарын бірнеше мәрте бұзған. Ал сот оған Банкке барлығы 4 миллиардтан астам АҚШ доллары көлеміндегі зиянды өтеуді міндеттеген.
«БТА Банкі», Мұқтар Әбләзов өзінің барлық активтері туралы ақпаратты толық ашуды талап ететін бұйрықтарды орындамайтындығына алаңдаулы. Соның ішінде, Банк М.Әбләзов тиісті түрде өзі ашып көрсетпеген 600-ден астам компания туралы ақпаратты анықтап, сотқа ұсынды. Сондай-ақ, Банк өзінің пікірі бойынша соттың бұйрықтарымен тыйым салынған активтерге қатысты көптеген әрекеттердің дәлелдерін ұсынды.
2010 жылғы тамызда ағылшын соты KPMG аудиторлық компаниясын Аблязовтың активтері бойынша Сыртқы администраторы (receiver) ретінде тағайындап, теңдессіз шешім қабылдады, себебі, судья, активтерді шеттетуге тыйым салу туралы соттың алдыңғы шешімін М. Аблязовпен орындалуына қатысты оған сенім білдіре алмайтындығын атап өтті және активтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдады.
Банкті қайта құрылымдау және оның активтерін қайтару үдерістері аясында 2009 жылғы тамыздан бері, Банкті Әбләзов басқарған жылдары Банктен ұрланған миллиард долларды қайтару мақсатында Ұлыбританияда бұрынғы басшыға қатысты бірнеше сот қарарлары өтті.
Үдеріс басталғалы бері Англияның Жоғарғы соты активтердің орналасу орнына байланыссыз, М. Аблязовты активтерді шеттету мүмкіндігіне кедергі болу мақсатында бірнеше бұйрықтар шығарды. Сол бұйрықтармен активтер туралы толық ақпаратты жария ету талап етілді.
«БТА Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов: «БТА Банкі» Англияның Жоғарғы сотына бірнеше миллиард доллар сомасын қайтару шараларын ұсынды. Банк және оның кеңесшілері жүргізген құжаттарды және басқа да ақпараттарды талдау бойынша қаражаттар «БТА Банкінің» бұрынғы басшыларымен тоналғандағыны анықталды. Банктің осы әрекеттері қайта құрылымдау аясында «БТА Банкімен» өзіне жүктеген заңды міндеттемелердің бір бөлігі болып табылады. Банктің соңғы әрекеттері ағылшын сотына тікелей байланысты және Банк кредиторларының мүдделерін қорғауға бағытталған», - деп атап өтті.
Сондай-ақ, «БТА Банкі» АҚ активтерді шеттету немесе активтер құнын төмендетуге Әбләзовқа «көмектескен» немесе болашақта осындай әрекеттерге баратын үшінші тұлғалардың рөлін одан әрі зерттейтін болады.