БТА банкінің экс-басшысымен бірге қаржы жымқырып, лаңкестік акті ұйымдастырмақ болған азамат Испанияда ұсталды

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - БТА банкінің басшылығымен бірлесе ірі көлемде қаржы жымқырып, Алматыдағы ойын-сауық орталығында лаңкестік акті ұйымдастыруға қатысқан Павлов есімді Қазақстан азаматы Испанияда ұсталды.
None
None

Оны елге қайтару жмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігіні арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

Прокуратура өкілінің айтуынша, Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанның 2465 азаматы іздеуде жүр. Соның ішінде, мемлекетаралық іздеуде жүргендер саны - 2465, халықаралық іздеуде жүргендер - 1180 адамды құрайды.

«Қазіргі таңда Интерпол іздеу салынған 50 адамды тапты. Оның ішінде БТА банкінің бұрынғы басшылығымен бірлесіп қаржы жымқырған, сонымен қатар Алматыдағы ойын сауық орнында террористік акті ұйымдастарған Павлов есімді Қазақстан азаматы Испанияда қолға түсіп отыр. Қазір оны елге қайтару мәселесі қаралуда», - деді И. Меркель.

Соңғы жаңалықтар