БТА банктегі қайта құрылымдау үдерісінің экономиканың дамуына айтарлықтай ықпалы жоқ - Ситибанк сарапшылары

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның банк секторындағы міндеттемелерді  қайта құрылымдау  өткен іс.

БТА банктегі қайта құрылымдау үдерісінің экономиканың дамуына айтарлықтай ықпалы жоқ  -  Ситибанк сарапшылары

Оны  Ситибанк сарапшылары бүгін Алматыда макроэкономикалық болжамдарымен таныстырған кезде  осылай мәлім етті.

"БТА банктегі қайта құрылымдау инвесторлармен өткен жылдың екінші жартысында жүргізілді. Оның жағымды әсері банк секторында аса үлкен емес. Ол қаржы нарығын толық көлемде ашпайды", - дейді Ситибанктің ТМД елдеріндеіг сарапшысы Наталья Новикова. Ал "Ситибанк Қазақстан" АҚ-ның Қазынашылық бөлімінің директоры Данай Сарыпбековтың айтуынша, банк секторындағы БТА банктің үлесі қазір біршама төмендеді. Қаржы институтынан кеткісі келген клиенттердің бәрі кетіп болды. Қазір онда қалған кәсіпорындарға қайта құрылымдаудың  айтарлықтай әсері  жоқ.