БТА Банктің құрылымы сақталатын болады ? Б. Жәмішев

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Ғаббасов) – БТА Банктің құрылымы бұрынғыдай сақталатын болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкіметте БТА және Альянс банктің акцияларын сатып алуға байланысты өткен брифингте қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, БТА Банктің бұрынғы құрылымы толықтай сақталады. Атап айтқанда, тек банктің дауыс беруі бойынша акционерлік капиталының үлесі ғана өзгерді. ҚР заңына сәйкес, банк тиісті нормативтерді орындамағандықтан қалыптасқан ахуалға орай мемлекет банктің акционері болды. «Негізінен қазіргі акционерлер банктегі жағдайды қадағаласа, мемлекет үшін ол тиімді болар еді және мемлекет банк капиталына қатыспас еді. Алайда қазіргі акционерлер ағымдағы ахуалды игере алмады. Сондықтан, заңға сәйкес мемлекет осы шараны қабылдауға мәжбүр болды», деді министр. Мемлекет аталған банктердің клиенттері мен кредиторларына негізгі акционер ретінде банктердің сәтті жұмыс істеуі үшін барынша үлес қосатынын атап өтті. Мемлекетке осы банктердің акционері болу қажет емес екеніне тоқталған ол, «кейіннен әрине, бұл банктердің жеке меншік болуы үшін шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, мемлекетке ірі жеке меншік банктерді қадағалау қажет емес», деді.
Соңғы жаңалықтар