БТА банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныс оның кредиторларына мамырдың ортасында енгізіледі

None
None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - БТА банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныс оның кредиторларына банктің 2008 жылғы қаржылық есептілігінің аудиті аяқталғаннан кейін,
мамырдың ортасына таман енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мамырдың ортасында БТА банкінің консультанттары - Goldman Sachs и UBS оның орнықтылығын бағалау үшін банктің қаржылық моделін ұсынады. Соған дейін банктің 2008 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін аяқтау көзделіп отыр. Осыған ұқсас жұмыстар Альянс банкінде де жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша аталмыш банктердің кредиторларына олардың міндеттемелерін қайта құрылымдау жөніндегі консультанттармен келісілген ұсыныстар енгізілетін болады», - деді отырыста Қ. Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар
telegram