«БТА сақтандыру» компаниясы бірінші тоқсанда сатылымдарын екі есеге ұлғайтты
АЛМАТЫ. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - БТА банкінің «БТА сақтандыру» еншілес компаниясының қаңтар-сәуір айларында жинаған сақтандыру сыйақысы 1 443 мл. теңгеге дейін ұлғайды. Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 161,9 пайызға артық,
деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
1 наурыздағы жағдай бойынша компания активтерінің көлемі 26 432 млн. теңгені құрған, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім деңгейі 9,6 пайыз. Компанияның жеке капиталы 14,3 пайызға немесе 21 649 миллион теңгеге ұлғайған. Капитал көлемі бойынша «БТА сақтандыру» нарықтағы үздік төрттік бойынша үшінші орында.
Компанияның сақтандыру қоржыны 1 мамырдағы жағдай бойынша техникалық құралдардың иелеріне 23,1 %, ауырған жағдайлар үшін 20,7%, жүктерді сақтандыру 13,2 %, темір жол көлігін сақтандыру 9,4%, қызметкерлерді оқыс оқиғалардан міндетті сақтандыру 8%, тұрғын үйді сақтандыру 7,3%, автокөлікті ерікті сақтандыру 5,8%. Бірінші тоқсанда компания жасаған төлемдер көлемі 489 млн. теңгені құрған. Бұл былтырғы жылға қарағанда 102,9 пайызға артық.