БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – БТА тобы ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшылардың бірі.
None
None
«БТА Банкі» АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресей, Украина, Беларус, Грузия, Армения, Қырғызстан мен Түркия елдерін қамтиды. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат, «БТА Банкі» АҚ-ның қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөліміне сілтеме жасап. «БТА Банкі» АҚ-ның Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі филиалдар желісі (22 филиалы мен 279 бөлімшесі), сондай-ақ кеңейтілген банкоматтар желісі (787) мен өз бетінше қызмет көрсететін терминалдары (160) бар. БТА Банкінде шамамен 1,3 млн. жеке және 150 мың корпоративтік тұтынушыларға қызмет көрсетіледі.
Соңғы жаңалықтар