БТА топ-менеджерінің үй күтушісі миллиардтаған несиені қалай алды
Кезекті сот тыңдауында, «GlobaI Securities» ЖШС-ыне несие беру арқылы БТА банкінің қаржысы қалай тоналғаны айтылды. Аталған ЖШС-ның құрылтайшысы британиялық, виргиниялық аралдарда тіркелген «Steffler Global Inc.» офшорлық компаниясы. Тергеу мәліметтері бойынша, аталған оффшорлық компанияның Қазақстандағы өкілі Әблязовтің студент кезінен танысы Рифат Ризоев болған. 2005 жылғы желтоқсанда «GlobaI Securities ЖШС-ның директорлығына Вероника Ефимованың үй күтушісі Елена Новикова шартты түрде тағайындалған. Ақша жымқыру кестесінде Новикова шартты түрде директор ретінде Әблязовтің бақылауындағы «Global Securities» компаниясында тек қол қойып қана отырған.
Айта кету керек, Вероника Ефимова сол уақытта «біркүндік» компанияларға несие ресімдеумен айналысқан БТА банкінің УКБ №6 бөліміне басшылық еткен. Аталған бөлім Мұхтар Әблязовтың бақылауында болғаны белгілі. Осылайша, Әблязов БТА Банкінен «Global Securities» ЖШС-на ақша бөлуді тікелей өзі қадағалап отырған.
Осыдан кейін, банк басшылығы Әблязовтің қатысуымен «Global Securities» ЖШС-не 800 млн теңге несие беру туралы өтінішті қарастырып, еш кедергісіз оны мақұлдаған.
Несие комитетінің мүшелері компанияны Әблязов бақылауында ұстап отырғанын білгендіктен несие туралы өтінішті қанағаттандырған. Ресімдеу процедураларынан кейін қаражат қарыз алушының шотына аударылған.
«Global Securities» ЖШС арқылы ақша ұрлау мұнымен аяқталмаған.
Үш айдан кейін Елена Новикованың атынан БТА банкіне 1 жылдық мерзіммен компанияның жеке айналымын толтыру деген сылтаумен 3,4 млрд теңге несие алу туралы өтініш келіп түскен. Алғашқы жолы берілгендей банк басшылығы бұл жолы да еш кедергісіз қаржы аудару туралы шешім қабылдаған.
Бұдан бөлек, несие комитеті отырысының хаттамасына сырттай қол қойылған. Нақтырақ айтқанда, «Global Securities» ЖШС-ның өтініші несие комитетінің қарауында талқыланбаған. Алайда, сұрау парағы сырттай толтырылған. Аталған қаражат аударылғаннан кейін Новикаваға ақшаның барлығын Әблязовтің толық бақылуындағы «ТуранАлем Секьюритис» компаниясына аудару туралы нұсқау болған.
Осылайша, қаржылық операциялар арқылы ұрланған қаражатты Әблязов пен оның сыбайластары өздері иемденген.