БТР-лар вальс биледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь астанасы Минскіде қару-жарақ және әскери техника MILEX-2017 көрмесі өтіп жатыр. Оның салтанатты ашылу рәсімінде бронды транспортерлер «биледі», деп хабарлайды belta.by .
Беларусь Қарулы күштерінің 103-ші жеке гвардиялық әскери-десанттық бригадасы басқарған БТР-лар әскери техниканың әуенді саз ырғағымен билей алатынын көрсетті.