Бұдан 700 жыл бұрын жерленген мумиялар табылды
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Перулік археологтар 11 мумия тапты. Мамандардың айтуынша, олар шамамен 700 жыл бұрын жерленген,
деп хабарлайды 24.kz.
Қаңқалар 400 шаршы метр аумақта көлденең жатқызылған, бір-біріне жақын орналасқан. Қамыс пен матаға оралған мумиялар салт-жоралар негізінде жерленген. Қазба жұмыстарының жетекшісі Фернандо Эррера табылған жәдігерлердің құнды мәдени мұра екенін айтады. Мамандар мумиялардың үшеуі біздің заманымызға дейінгі 200 және 700-ші жылдары жерленсе, қалғандары кешірек көмілгенін анықтады. Мумиялар арнайы камераның көмегімен табылған. Археологтар бұл құрылғы арқылы әлі талай нәтижелі қазба жұмыстарын жүргізетіндеріне сенімді.