Бұдан былай «А» копусын жаңарту тек конкурстық негізде жүзеге асырылады - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - «А» копусын жаңарту тек конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Бұдан кейін «А» корпусын жаңарту конкурстық жолмен ғана жүзеге асырылатындығын атап өткім келеді. Егер де оған кіргісі келсе, онда ол алдын ала дайындалуы тиіс. Бұл лауазымдарға ешқандай да автоматты түрде ауысу, ауыстырылу болмауы қажет»,- деді. Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, байқауға ағымдағы жылы қажетті балл жинай алмаған үміткерлер де қатыса алады.