Бұдан былай фильмге прокаттау куәлігін үйден немесе офистен шықпай-ақ «Электронды үкімет» порталынан алуға болады

«Фильмге прокаттау куәлігін беру» электрондық нысанда Еgov.кz портал арқылы көрсетіледі. Енді кез келген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер үйден немесе офистен шықпай-ақ аталған құжатты алу мүмкіндігіне ие болады.
Аталған қызметті алу үшін порталдың басты бетіндегі «Бизнес» категориясының ішіндегі «Электрондық қызмет» бөлімін таңдау қажет. Пайда болған тізімнің ішінен Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет Комитетін тауып, ішіндегі «Фильмге прокаттау куәлігін беру» таңдау қажет. Содан соң ұсынылған сұраныс нысанын толтырып, оған тиісті құжаттарды тіркеу қажет. Сұраныс жіберілгенін электрондық цифрлік қолы арқылы растайды.
Бұл ақысыз қызмет 7 жұмыс күн ішінде көрсетіледі. Аталған мерзім ішінде қызмет пайдаланушы прокаттау куәлігін pdf-нысанында өзінің жеке кабинетінен үкімет сайты арқылы алады. Мәдениет бас тартқан болса, ол рәсім екі жұмыс күн ішінде әзірленеді, бұл жағдайда пайдаланушының жеке кабинетіне бас тарту себебінің дәлелді түсіндірмесі жолданады.