Будапешт қаласында Елбасының мақаласы талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Венгриядағы ҚР елшілігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы талқыланды. Шараға қазақстандық студенттер мен диаспора өкілдері қатысты.
Жиналған жұртшылыққа құжаттың негізгі мақсаттары мен жүктеген міндеттері түсіндірілді. Іс-шараға қатысушылар сананы жаңғырту идеясын құлшыныспен қабылдап, ел тарихындағы жаңа лептің куәсі болды. Президенттің аталған мақаласында автордың тұжырымдаған шынайы идеяларын жүзеге асыруға бағытталған қазіргі таңда өзекті болып саналатын қоғамдық-саяси және мәдени-танымдық жобалар түріндегі нақты шаралардың көрсетілгендігі аталып өтілді.
Кездесуді ұйымдастыруға Венгрияда білім алып жүрген қазақстандық студенттер мұрындық болды. Олар Елшілікпен үнемі тығыз қарым-Дипломатиялық өкілдік ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді қатысып, ұдайы ақыл-кеңес, көмек сұрап отырады. Елбасы мақаласындағы білімнің салтанат құруы және бәсекелік қабілет бағыттары студенттердің үлкен қызығушылығын тудырған.
«Шетелдік университеттерде алған біліміміз өзекті болып, еліміздің өркендеуі үшін бар күш-жігерімізді сарп ететінімізге сенімдіміз», - деп мәлімдеді студент Серік Керімқұлов.
Диаспора өкілдері, өз кезегінде, қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі туралы бастамаға қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, студенттермен мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымықтастықты нығайту мәселелері талқыланды.