03:55, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Будапешттен Венаға пойызбен жүздеген босқындар жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венаға Будапешттен пойызбен бірнеше жүздеген мигранттар келді, олар дүйсенбі күні вагондарға шабуылдаған болатын, деп хабарлайды Би-би-си.

Австрия астанасына келген соң кейбір босқындар Зальцбургке баратын пойыздарға мініп кетуге тырысуда, ал енді біреулері Мюнхенге жол тартпақ.
Волонтерлер оларға жемістер мен сусын таратып жүр. Бұдан бұрын австриялық билік Венгриямен шекарада босқындар мінген пойызды тексеру үшін тоқтатқан болатын. Бұл олардың көпшілігінің Еуроодаққа визаларының болмауына қарамастан, Будапешттен кетулеріне рұқсат берілген соң орын алды.