Буэнос-Айрес - 2018: Қазақстан спортшыларының алғашқы қарсыласы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні басталады. Алғашқы болып бадминтоншы Дмитрий Панарин кортқа шығады, деп жазады Olympic.kz.
Панариннің алғашқы қарсыласы - молдовалық Кристиан Савин.
Еске сала кетейік, Дмитрий Панарин жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама алу үшін жиырмаға жуық іріктеу турниріне қатысып, әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді.
Сондай-ақ, 44 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін таеквондошы Әсел Усманованың да қарсыласы белгілі. Ол алғашқы кезеңде әзербайжандық Миная Акбаровамен кездеседі.