13:40, 09 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Буэнос-Айрес қаласын улы газ буып тұр
АСТАНА. 9желтоқсан. ҚазАқпарат - Аргентинаның астанасы - Буэнос-Айресте улы газ ауаға тарап, одан зардап шеккен бірнеше қала тұрғыны ауруханаға жеткізілді.

Ал сол аумақта тіршілік кешіп жатқан жандар шұғыл түрде қауіпсіз жерлерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakh TV.
Исі қолқаны қабатын түтін қаланың орталық кеме айлағындағы контейнерлердің бірінде болған өрттен тараған. Улы газ тыныс алу жолдары мен адам терісін зақымдаған. Контейнердің ішінде не зат болғаны әзірше белгісіз. Алайда жергілікті әкімшілік өкілдері газдың залалсыз екендігіне сендіріп бағуда. Зардап шеккен ауданда метро мен пойыз қозғалысы тоқтады.