Буэнос-Айрес танго фестиваліне дайындалып жатыр

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Тамыздың 14-27 аралығында Буэнос-Айресте 11-ші танго фестивалі өтеді. Бұл мерекеге жыл сайын би өнерінің әуесқойлары мен кәсіби бишілер көптеп жиналады.

Буэнос-Айрес танго фестиваліне дайындалып жатыр

Қызыққа толы бағдарлама барысында жанды дауыстағы концерт, конференциялар, тақырыпқа байланысты көрмелер, би кештері, фильмдер көрсетілімі, сабақтар мен сайыстар өтеді.

Өткен жылы 200-ден астам тегін көрсетілім болып, оған әлемнің 32 елінен 487 жұп қатысқан. Бұл шараны тамашалауға жарты миллионға жуық адам жиылған.