Буэнос-Айрес жағажайлары улы жыландар қаупінен жабылып қалды
Туристер маусымының қызған шағында Буэнос-Айрес билігі әлем туристерінің көңілінен шыққан астаналық жағажайларын жабуға мәжбүр, өйткені онда улы жыландар көбейіп кеткен. Демалушыларға Кильмес жағажайына тынығуға және суға шомылуға тыйым салынған, деп хабарлайды newsru.com.
Жақында болған елдің солтүстік-батысындағы су тасқыны салдарынан ағыспен улы жыландарды осы өңірге ауған. Қазір елдің солтүстігіндегі Росарио қаласындағы өзен жағажайлары да жабылды. Жергілікті тұрғындар өзен маңынан жабайы қабан, түлкіні және улы жылан мен шаяндарды жолықтырған.
«Біз қауіптің қай шамада екенін білеміз. Жыланның улы түрлері бар, олар демалушыларға қауіп төндіреді. Сондықтан біз осы мәселемен айналысып жатырмыз», -дейді жергіліктің биліктің ресми өкілі Матиас Лейес.