Буэнос-Айрес жағажайларында улы жылан қаптап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина астанасы Буэнос-Айрес маңындағы жағажайлар улы жыландардың қаптап кетуіне байланысты жабылып қалды.

Буэнос-Айрес жағажайларында улы жылан қаптап кетті

Жергілікті биліктің мәліметінше, туристер мен демалушыларға бұл жерде суға түспеу керектігі және палата тігуге болмайтыны ескертілді.

Елдің солтүстігіндегі Розарио қаласындағы да өзен бойындағы жағажай да жабылды.