Буэнос-Айресте әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған адам әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты. Бұл туралы 24kz хабарлайды.

Буэнос-Айресте әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты

Акцияға қатысушылар үстіне нәзік жандылар соққы алғанда немесе өлім кезінде алатын жарақаттарын көрсететін қызыл күрең түсті киім киген.

Сөйтіп зорлық-зомбылыққа жол бермеу керек деп ұрандатып, парламент алдына жиналып, президент сарайына қарай бет алды. Шеруді ұйымдастырушылар үкіметтен әйелдерді қорғау заңын қатаңдатуды талап етіп отыр. Себебі елде тұрмыстық негізде нәзік жандыларға жасалатын қылмыс көбейген.

Ресми мәліметке қарағанда, Аргентинада өткен жылы 254 әйел қаза тауыпты. Олардың көбі жақындарының қолынан мерт болған.