08:26, 02 Қаңтар 2016 | GMT +5
Буэнос-Айресте бүгін «Дакар» ралли-марафоны басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 2 қаңтарда Аргентина астанасы Буэнос-Айресте атақты «Дакар» ралли-марафоны басталады. Биылғы жылғы бәсеке Аргентина және Боливия аумағы арқылы өтіп, 16 қаңтарда Росарио қаласында мәреге жетеді. Жарыс жолына 350 машина шығады.

«Дакар»-дың тоғыз мың шақырымы шөл, таулы және жазық жерлер арқылы өтеді. Трасса бойында 4701 шақырымға созылған 13 арнайы учаске дайындалған.
Раллиді ұйымдастырушылардың айтуынша, «Дакар» марафонына 143 мотоцикл, 46 квадроцикл, 110 жол талғамайтын автомобиль және 55 жүк көлігі шығатын болады.