Bugatti-дің келесі моделі әлемдегі жылдам көлік болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Bugatti-дің келесі моделіне 1500 ат күші бар қозғалтқыш орнатылып, ол әлемдегі жылдам сериялық автокөлік атағын қайтарып алмақ.
Жаңа машинаның сызбалары қазіргі кезде дайындалып болған көрінеді.
Бірінші прототип 2015 жылы таныстырылады деп күтілуде.
Қазіргі кезде Veyron-ның қуатты модификациясы Grand Sport Vitesse деп аталады және оның 16 цилиндрлік қозғалтқышының күші 1200 ат күшіне тең. Оның құны 1,7 млн. долларға бағалануда.
Белгілі болғандай келесі модель де 16 цилиндрлік қозғалтқышпен жабдықталып, оның шанағы екі есікті болады, деп жазады шетелдік БАҚ.
Жаңа модельдің мақсаты - Veyron Super Sport орнатқан жылдамдық рекордын жаңарту, яғни 431 шақырым/сағаттан асып түсіру. Бүгінде бұл жетістіктен жоғары көрсеткішті америкалық Hennessey Venom GT суперкары еңсерген еді. 435,31 шақырым/сағат нәтижесімен бұл көлік әлемдегі сериялық автомобильдер ішінде ең жылдам деп танылды.