Бүгін 10 қалада ауа сапасы бұзылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 22 ақпанда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін 10 қалада ауа сапасы бұзылады


Сейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Теміртау және Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.