06:31, 19 Сәуір 2022 | GMT +5
Бүгін 3 қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер болжамына сәйкес, 19 сәуірде Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.