Бүгін 3 қалада метеожағдай нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 12 қарашада еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін 3 қалада метеожағдай нашарлайды

Синоптиктер мәліметінше, жұма күні ауа сапасы Алматы, Шымкент, Балқаш қалаларында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.