Бүгін 3 қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 4 тамызда еліміздің көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін 3 қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Алматы, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.