Бүгін 5 адам коронавирустан жазылып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ⠀ Қазақстанда жалпы 86 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

5 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Атырау облысында - 2 адам.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 86-ға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 37,

Алматы қаласы – 37,

Шымкент қаласы – 2,

Ақтөбе облысы – 1,

Алматы облысы – 1,

Атырау облысы – 2,

Жамбыл облысы – 3,

Қарағанды облысы – 1,

Павлодар облысы – 1,

Солтүстік Қазақстан облысы – 1.


Соңғы жаңалықтар