Бүгін 6 қалада ауа ластанады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің 4 қаласында және 2 мегаполисте ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2023 жылғы 28 сәуірде тәулік бойы Теміртау, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, 28 сәуірде түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.