Бүгін 8 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 23 ақпанда еліміз қалаларында қалыптасатын ауа сапасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін 8 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

Синоптиктер болжамына сүйенсек, сәрсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Ақтау, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.