Бүгін - Агрессия құрбаны болған жазықсыз балалардың халықаралық күні

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін - Агрессия құрбаны болған жазықсыз балалардың халықаралық күні.

Бүгін - Агрессия құрбаны болған жазықсыз балалардың  халықаралық күні

Біріккен Ұлттар Ұйымы Агрессия құрбаны болған жазықсыз балалардың халықаралық күнін соғыстар барысында тек солдаттар ғана емес, соғыс қимылдары аймағында балалардың да қаза болатынын ұмытпау үшін бекітті. Әлемді шарпып жатқан жантүршігерлік лаңкестік шабуылдар көптеген жазықсыз балалардың да өмірін қыршынынан қиюда және осынау оқиғалар халықаралық лаңкестіктен тарайтын қауіптің жаңа өлшемдерін адамзатқа айқындап беруде.

1982 жылғы тамыздың 19-ында Палестина мәселесі бойынша өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының төтенше арнайы сессиясының шешімімен және 1982 жылғы маусымның 4-індегі Израиль Қарулы Күштерінің Бейруттағы тұрғын үй аудандарын бомбалауының бір жылдығына орай, бұл атаулы күн 1983 жылдан бастап атап өтіледі.