11:21, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Бүгін - Агрессияның жазықсыз құрбандары болған балалардың халықаралық күні
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Агрессияның жазықсыз құрбандары болған балалардың халықаралық күні.
Бұл атаулы күн 1982 жылғы тамыздың 19-ында Палестина мәселесі бойынша өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше арнайы сессиясының шешімімен, 1982 жылғы маусымның 4-дегі Израиль Қарулы Күштерінің Бейруттағы тұрғын үй аудандарын бомбалауының бір жылдығына орай, 1983 жылдан бастап атап өтіледі.