Бүгін - Ақпаратты қорғаудың халықаралық күні
АСТАНА. 30 қараша ҚазАқпарат - Бүгін Ақпаратты қорғаудың жалықаралық күні (Computer Security Day).
Бұл күн1988 жылдан бері атап өтіліп келеді.
Сол жылы алғаш рет бұқаралық компьютерлік індет - Морристің құрт індеті (компьютерный вирус) тарады. 1988 жылы американдық компьютерлік жабдықтар одағы 30 қарашаны - Ақпаратты қорғаудың халықаралық күні деп жариялады.
Бұл атаулы күнді жариялаудағы негізгі мақсат - компьютерлік ақпараттарды қорғаудың қажеттілігін баршаның есіне салу және жабдықтар мен бағдарламалық құралдарды өндірушілер мен тұтынушылардың назарын қауіпсіздік проблемаларын аудару.
Компьютерді жабдықтау одағының бастамасымен жыл сайын бұл күні ақпаратты қорғаудың халықаралық конференциясы өткізіледі.