Бүгін АҚШ-та мемлекеттік мейрам -Тәуелсіздік күні

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні.

Бүгін   АҚШ-та  мемлекеттік  мейрам -Тәуелсіздік күні

1776 жылы Томас Джефферсон «АҚШ Тәуелсіздігі декларациясына» қол қойды. АҚШ - Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Оңтүстігінде Канадамен, оңтүстік-батысында Мексикамен шектеседі. Шығысын - Атлант мұхиты, оңтүстік-шығысын - Мексика шығанағы, батысын - Тынық мұхиты қоршайды. Әкімшілік жағынан 50 штатқа бөлінеді. Астанасы - Вашингтон қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - доллар.

Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1991 жылғы 26 желтоқсанда орнатылды.