Бүгін АҚШ-та президенттік сайлау өтеді
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 6 қарашасы күні АҚШ-та президенттік сайлау өтеді, бұл Америкада өтетін 57-ші президенттік сайлау болмақ.
Алдымен, қарашада өтетін жалпыхалықтық дауыс беру барысында сайлаушылар - сайлау барысында өздерінің жерлестерінің қалауын жеткізетін қандай да бір штаттың ең лайықты тұрғындарын анықтайды. Дәл осылар 2012 жылдың желтоқсанында алқа мәжілісінде АҚШ-тың президентін және вице-президентін таңдауы тиіс.
Құрама штаттардың қазіргі президенті Барак Обама екінші мерзімге кандидат ретінде Демократиялық партияның атынан ұсынылып отыр. Сайлау бәсекесінде вице-президент лауазымы үшін Б.Обамаға серік болатын - өзінің досы және қызметтесі Джозеф Байден.
Республикалық партияға келетін болсақ, партияластарының арасында ұзақ уақыт бойы көшбасшы болып келген пиццериялар желісінің иегері, қара нәсілді Герман Кейін атышулы секс-жанжалдарға қатысты басы дауға қалғаннан кейін, президенттік кресло үшін жарыстан түсу шешімін қабылдады. Нәтижесінде партия президенттікке үміткер ретінде Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромниді, ал вице-президенттікке Пол Райанды ұсынды.
АҚШ-тың жаңа президентін ұлықтау 2013 жылдың 20 қаңтарында өтеді деп жоспарлануда.