Бүгін Ақтөбе мен Петропавлда ауа ластанады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 2 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
«2022 жылғы 9 шілдеде Ақтөбе және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.
Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.