Бүгін - ақын Жұматай Жақыпбаевтың туған күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін - ақын Жұматай Жақыпбаевтың туған күні. 71 жыл бұрын (1945-1990) қазақ ақыны Жақыпбаев Жұматай Сағадиұлы дүниеге келді.

Бүгін - ақын Жұматай Жақыпбаевтың туған күні

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет) бітірген.

Талдықорған облыстық газетінде, «Жалын» баспасында, «Жалын» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.

Қазақ өлеңіне нәзік те сырбаз сезімге, сырлы суретке толы, әсем нақышпен өрнектелген қанық бояулы жырлар әкелді. «Саратан», «Ләйлә», «Шұғынық гүл төркіні» жыр жинақтарында туған жердің көркем табиғатын, махаббат пен сұлулықты жырлады. Ақын дүние салғаннан кейін жарық көрген «Көктемгі хаттар» өлеңдер жинағы оқырман қауымының ілтипатына бөленді.