Бүгін әлем елдері қауіпсіз интернет күнін атап өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 ақпан күні әлемнің көптеген елдерінде «Пайдалы ғаламторды бірге жасайық!» ұранымен Халықаралық қауіпсіз интернет күні атап өтіледі, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Бүгін әлем елдері қауіпсіз интернет күнін атап өтеді

Бұл халықаралық айтулы күн балалар мен ересектердің желідегі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі мәселелеріне көңіл бөлуді және онлайн-ортада этикалы мінез-құлықты қалыптастыруды көздейді.

Айрықша мерекені Еуропалық комиссияның «Қауіпсіз интернет» бағдарламасының аясында жұмыс жасайтын Insafe қауіпсіз интернет орталықтарының еуропалық желісі 2004 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Қазір қауіпсіз интернет күнін әлемнің 110-нан астам елдерінде атап өтеді. Ол үшін ғаламтор желісін пайдаланушыларының қорғалуын арттыруға бағытталған мыңдаған шаралар өткізіледі.

Аталмыш мерекенің ресми сайтында «2014 жылдың ұраны сандық қоғамда толыққанды әрі үйлесімді тұлғаны қалыптастыруда оң бағыттағы және дамытушы интернет-сервистердің рөлін арттырудың басымдылығын көрсетеді», - делінген.