Бүгін әлемде Күн күні аталып өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін әлемде Күн күні - Жерге жақын жұлдыздың күні аталып өтілуде.

Бүгін әлемде Күн күні аталып өтуде

Жер үшін Күн - ғарыш энергиясының көзі. Ол өсімдік пен жануарлар әлеміне қажетті жарық пен жылу беріп, Жердегі атмосфераның маңызды қасиеттерін қалыптастырады. Жалпы, Күн планетаның экологиясын анықтайды. Онсыз өмір сүруге қажетті ауа болмас еді. Ол мұз болып қатып қалған су мен құрылықта сұйық азотты мұхитқа айналар еді. Біз үшін маңыздысы, Күннің маңында біздің ғаламшарымыз пайда болды, одан соң онда тіршілік пайда болды.

Күннің көзі, жел, теңіз толқындары мен биомасса бізді қоршап тұрған және пайдалануға болатын энергетикалық шикізат. Оны жердің астынан қазып алудың қажеті жоқ, ол радиоактивті қалдықтардың, зиянды заттардың пайда болуына әкелмейді, ол қайта жаңартылатын энергия, деп хабарлады Calend.

1994 жылдан бастап Күн энергиясы халықаралық қоғамынының Еуропалық бөлімі жаңартылған энергия көзін пайдалану мүмкіндігіне назар аудару үшін еркінділік негізінде жыл сайын Күн күнін ұйымдастырады. Энтузиасттар мен кәсіпқой мамандар, қоғамдық ұйымдар мен бүкіл Еуропаның фирмалары әр түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырады және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігі туралы демонстрация өткізеді.