Бүгін әлемдегі алғашқы қысқа толқынды пеш жасап шығарылған күн

Аңыз бойынша, Спенсерге оны ойлап табу идеясы, ол магнетронның (қысқа толқынды электромагниттіу сәуле шығаратын электронды лампа) жанында біраз уақыт тұрғаннан кейін, оның қалтасындағы шоколад еріп кеткендігін байқаған соң келген. Екінші нұсқа бойынша, ол қосылып тұрған магнетронға қойылған бутерброд ысығандығын байқаған.
Алғашқы жоғары жиілікті пештер, нақты айтқанда, биіктігі 175 сантиметр, салмағы 340 келі шкафтар болды және олар армияның асханаларына және үлкен мейрамханаларға арналды. Үйдегі қолданысқа арналған анағұрлым шағын пештер 1955 жылы шығарыла бастады. Қысқа толқынды пеш - тамақты тез дайындауға, ысытуға және тоңазытқыштан шыққан азық-түлікті жылдам жібітуге арналған - тұрмыстық электроқұрал. Ол 2450 МГц жиілікте жұмыс істейді.
Өзге құралдармен салыстырғанда (духовка, өзге де пештер) қысқа толқынды пеште азық-түлікті ысыту классикалық пештегі сияқты үстіңгі қабаттан емес, көлемнен болады. Себебі радиотолқындар азық-түлікке тереңінен өтеді. Бұл асты әзірлеу уақытын азайтады. Алғашқы тұрмыстық сериялы қысқа толқынды пешті 1962 жылы жапондық Sharp фирмасы жасап шығарды.