Бүгін алқа мүшелері Месси, Роналду, Суарес арасынан 2014/15 маусымдағы Еуропаның үздік футболшысын таңдайды

Үш үміткердің ішіне аргентиналық Лионель Месси ("Барселона"), португалиялық Криштиану Роналду ("Реал") және уругвайлық Луис Суарес ("Барселона") кірді.
Алдағы жылдардағы сияқты қазылар алқасы УЕФА-ның барлық 54 ұлттық қауымдастығының журналистерінен құралған. Қазылар алқасының әр мүшесі маусымның бес үздік футболшысын атады. 35 спортшының оны дауыс берудің екінші кезеңіне өтті. Нәтижесінде үш үміткер таңдалды.
Үздік футболшыға деген сыйлық УЕФА-да 2011 жылы тағайындалған. Осыған дейін лауреат атанғандар: испандық "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси (2011), осы клубтың мүшесі испандық Андрес Иньеста (2012), "Баварияның" француз жартылай қорғаушысы Франк Рибери (2013), сонымен қатар мадридтік "Реалдың" португалиялық жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду (2014).
Жеребе тастау рәсімі Мәскеу уақытымен бүгін сағат 18:45 басталады.