Бүгін Алматы әкімінің қабылдауында болған тұрғындардың көпішілігінің мәселесі шешілмек
Қала тұрғындары абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту және аулаларды жөндеу сияқты мәселелері бойынша өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Осыған орай, әкімнің тапсырмасы бойынша бірқатар мәселелер шешімін таппақ.
Атап айтқанда, Бостандық ауданындағы аула жарықтандырылады. Келесі жылға ойын алаңын салу, кейбірін күрделі жөндеу қарастырылған.
Сондай-ақ, Наурызбай ауданындағы жекеменшік білім беру мекемесін электрмен үздіксіз қамтамасыз ету және Медеу ауданында жолдарды жөндеу мәселесі шешілмек.
Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, арбада отырған мүгедек спортшылар Таразда өтетін бодибилдингтен ұлттық чемпионатқа қатыса алады.
Алматы метрополитені ардагері О.Смағұловтың метроның іске қосылғанына 10 жыл толу құрметіне орай мұражай ашу жөніндегі ұсынысы қолдау тапты.