Бүгін Алматы қалалық мәслихатында Сенат депутаттарын сайлау мәжілісі болады
МАТЫ. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -Бүгін сағат 10.00-де Алматы қалалық мәслихаты 4 шақырылымының Парламент Сенаты депутаттарын сайлау мәжілісі басталады.
Ал сағат 9- дан бері дауыс беру пунктері жұмыс істеуде. Мәжіліс басында Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жүнісов Сенат депутаттарын сайлаудың тәртібімен таныстырады. Жалпы сайлау үдерісі 1 сағат 40 минутқа созылады деп жоспарлануда. Әділ Мәуленұлұлының айтуынша, мәжіліске мәслихаттың 37 депутатының 34-і қатысады.
Айта кетейік, сайлауға Алматыдан үш үміткер қатысуда. Олар - Ахан Бижанов, Қожахмет Назарбеков және Ерболат Сәдуақасов. Олардың екеуі, атап айтқанда, Қожахмет Назарбеков пен Ерболат Сәдуақасовтар өзін өзі ұсынса, Ахан Бижановты қалалық мәслихат пен «Нұр Отан» ХДП ұсынып отыр.
Жалпы бұл сайлау үдерісін Ресейден-4, Тәжікстаннан келген бір халықаралық бақылаушы қадағаламақ. Сондай-ақ бұл саяси бәсекені үміткерлердің сенімді өкілдері мен саяси партиялардың мүшелері бақылай алады.