Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шормановпен интернет-мәслихат өтеді
АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін, 16 маусым күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейн Центр Тяжести форумында http://ct.kz/topic/414331-onlain-konferencija-s-erbolom-shormanovim-zamak/, және www.almaty.kz сайтында Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, энергетика, тұрғын-үй шаруашылығы,
абаттандыру, көгалдандыру, экология және өндіріс, сауда-саттық, шағын және орта кәсіпкерлік мәселелерін бақылайтын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шормановпен интернет-мәслихат өтеді.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, Ербол Шормановқа бағытталған сұрақтарды қабылдау қазірдің өзінде жүріп жатыр.