Бүгін Алматы мен тағы төрт қалада ауа сапасы бұзылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 8 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Алматы мен тағы төрт қалада ауа сапасы бұзылады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 8 қыркүйек, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.