Бүгін Алматыда 30-дан аса жас ғалымдар мен өнерлі жастар ҚР Тұңғыш Президенті қорының гранттарына ие болды

АТЫ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті қоры қазақстандық жас ғалымдар мен өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету мақсатында республикалық байқаулардың лауреаттарына гранттар тапсырды.

Бүгін Алматыда 30-дан аса жас ғалымдар мен өнерлі жастар ҚР Тұңғыш Президенті қорының гранттарына ие болды

Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру үшін биыл да байқау жарияланған болатын.

Биылғы жылы байқауға қатысуға Астана, Алматы қалаларымен қатар, Қазақстанның барлық аймақтарынан өтініштер көп түскен. Осы жылы ҚР Тұңғыш Президенті қоры ғылыми-зерттеу жобаларға 4 грант, шығармашылық жобаларға 7 грант, дипломдық жобаларды іске асыруға 17 грант, Францияда ғылыми біліктілікті жетілдіруден өтуге 1 грант, халықаралық байқаулар мен концерттерге қатысуға мүмкіндік беруге 4 грант бөлген.

«Биыл 4-ші рет гранттар тапсырылды. Осы уақыт ішінде ғылым саласында жас ғалымдарға 27 грант бөлдік, ал шығармашылық жобаларды қолдауға 22 грант, студенттердің дипломдық жобаларын іске асыруға 52 грант, ғалымдардың шет елде оқуына 28 грант, мәдениет және өнер саласындағы сапарларға 40 грант бөлдік. Менің ойымша, бұл үлкен көрсеткіш. Барлық грант иегерлері қайда болмасын ел намысын және Тұңғыш Президент қорының атын қорғауға лайықты. Бізді жылдан жылға жас дарындардың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Өздеріңіз белесіздер, біздің Қордың мақсаты жас дарындар мен ғалымдарды қолдау болып табылады, сондықтан да алдағы уақытта да осы игі істеріміз жалғаса береді. Ел және Мемлекет басшысы сіздерден үлкен үміт күтеді, сондықтан сіздерге жүктелген сенім ақталады деп сенемін», - деді ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Бектас Мұхамеджанов. Оның айтуынша, бұрынғы грант иегерлері үлкен жетістіктер көрсетіп, көпшілігі жетекші халықаралық байқаулар мен олимпиаданың жеңімпаздары атануда.

Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Гүлмира Әбдірайымованың айтуынша, жылдан -жылға ғылым саласына өтініш берушілердің саны артуда. «Біздің де талаптарымыз жоғарылауда, жобалардың мазмұндылығына, өзектілігіне үлкен мән берудеміз. Ең бастысы - тәжірибелік нәтижесіне назар аударамыз. Бізді жас мамандардың соңғы жылдары ғылымға көп келуі қуантады»,-деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, биылдан бастап, жас ғалымдарға арналған жаңа ғылыми журнал шығады. «Қазір «Жас ғалым» деп аталатын журнал тіркеуден өтті. Онда грант иегерлерінің табыстары, тәжірибелік жетістіктері жарияланып тұратын болады»-деді ол.

Шығармашылық жастардың төрайымы Гауһар Тасбергенованың айтуынша, шығармашылық жас таланттардың жұмыстары жылдан -жылға қызықты, көлемді бола түсуде. «Биыл өнерлі жастардың көп өтініш келіп түсті. Жобалардың барлығы бірінен бірі өтеді. Жұмыстардың көпшілігі үздік те, лайықты болып табылғандықтан басқа салаға қарағанда бұл салаға көбірік грант бөлдік»,-деді ол. Оның айтуынша, Қор барлық шығармашылық ЖОО-мен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Шара соңында грант иегерлері өнерлерін бағалап, қолдау білдіргендеріне алғыстарын айтып, ел үшін аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.