Бүгін Алматыда 49 сауда маркеті, 44 жанармай құю станциясы жұмысын бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында ірі сауда маркеттері, базар, жанармай құю станцияларының жұмысы жандануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда 49 сауда маркеті, 44 жанармай құю станциясы жұмысын бастады

Қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының мәліметінше, 8 қаңтардан бастап «Тоймарт», «Magnum» және «Small» сынды ірі сауда маркеттерінің 28 бөлімшесі қайта ашылған. Бүгін тағы 49 филиал ашылып, тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр. Азық-түлік қоры жеткілікті.

Сонымен қатар азық-түлік өнеркәсібі саласындағы Ақсай НАН, Алматы ашытқы зауыты ірі кәсіпорындар жұмысын жандандырды. Сондай-ақ бүгіннен бастап 44 жанармай құю станциясы ашылды, ертең тағы 25-і іске қосылмақ.