Бүгін Алматыда аралас жекпе-жектен ММА сериясы бойынша әлемдік турнир өз жалауын көтереді
АЛМАТЫ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда Балуан Шолақ спорт кешенінде 18 наурыз күні аралас жекпе-жектен ММА сериясы бойынша ІІІ халықаралық турнир басталады. Аталмыш шара Наурыз меркесіне арналып отыр.
Халықаралық турнирде өз еліміздің спортшыларымен қатар, Ресей, Шешен, Тәжікстан, Қырғызстан, Дағыстан, Өзбекстан елдерінің балуандары бағын сынайтын болады. Турнирге Қазақстан ұйымдастырушы ел ретінде толық құрамда қатысатын болды. Оның құрамында панкратион және бушидодан әлем чемпионы Асулан Тоқтарбаев, Ресейде өткен ережесіз жекпе-жектің Гран-при иегері Ержан Естанов, сонымен қатар, «Қазақ» деген атпен танымал Қайрат Ахметов бар. Өкінішке орай, бұл сайысқа қазақстандық Төлеген Ақылбаев қатыса алмайды. Ол Жапон елінің бірнеше дүркін чемпионы Казухиро Накамурамен өтетін жекпе-жекке дайындалуда. Естеріңізге сала кетейік, ол кездесу бір айдан соң Алматыда өтеді.