Бүгін Алматыда ауа ластанады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2022 жылғы 27 шілдеде Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.
Басқа шаһарларда метеоахуал қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.